«Евразия» ӨСК» АҚ клиенттеріне сақтандыру дивидендтерін бағыттады
4.09.2026
Компанияның Директорлар кеңесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық қызметтен алынған пайданың бір бөлігін 2022 жылы жасалған «Евразия Тарлан KZ» жинақтаушы өмірді сақтандыру шарттары бойынша клиенттер арасында бөлу туралы шешім қабылдады.
Сақтандыру дивидендтері Компанияның инвестициялық қызметінің нәтижесін көрсетеді және жинақтаушы өмірді сақтандыруды ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау құралы ретінде таңдаған клиенттер үшін қосымша артықшылыққа айналады.