Білім алуға тағы бір қадам: «Евразия Keleshek» шарттары бойынша бастапқы білім беру капиталы есептелді

2.09.2026

«Евразия» ӨСК» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шарттары бойынша 2 076 000 теңге мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын (ББК) аударды.

ББК — МБЖЖ шарты бойынша бала 5 жасқа толған кезде, шарттың қолданылу кезеңінде оған есептелетін біржолғы мемлекеттік төлем

Бастапқы білім беру капиталының мөлшері:

  • 519 000 теңге (120 АЕК) — халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын балалар үшін;
  • 259 500 теңге (60 АЕК) — қалған балалар үшін.

ББК-дан бөлек, жүйеге қатысушылар жинақ сомасының 5% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы алады, ал ӘӘКҚ санатына жататын балалар үшін — 7%.
Жинақ көлемін арттырудың тағы бір көзі — компанияның инвестициялық кірісі. «Евразия Keleshek» шарттары бойынша ол жылына 8%-ға дейін құрайды.

Осылайша, баланың білім алуына арналған жинақ бірден бірнеше құрамдас бөлік есебінен қалыптасады: жеке салымдар, жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы, бастапқы білім беру капиталы және инвестициялық кіріс.

«Евразия Keleshek» — жеке қаражат пен мемлекеттік қолдауды біріктіре отырып, білім алуға арналған жинақты қадам-қадаммен қалыптастыру мүмкіндігі.