Евразия Keleshek полистеріне бастапқы білім капиталы (ББК) есептелді

3.09.2025

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында білім беру жинақтау сақтандыруы бойынша Евразия Keleshek келісімшарттарына бастапқы білім капиталы (ББК) есептеді.

2025 жылы 5 жасқа толған балаларға әлеуметтік мәртебесіне байланысты 235 920 теңгеден 471 840 теңгеге дейінгі мөлшерде қаражат аударылды. ББК сомасы полис қолданылу мерзімінде бір рет есептеледі.

Бастапқы білім капиталының сомасы Евразия Keleshek келісімшарты бойынша жинақталған қаражатпен қосылып, мемлекеттік сыйлықақы есептелетін жалпы жинаққа қосылады. Жинақ тек баланың жоғары білім алуына жұмсалады.

Еске сала кетейік, «Евразия» ӨСК» АҚ 2023 жылы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы атанған болатын.