Шымкентте жаңа филиал
1.04.2025
"Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы Шымкент қаласында Филиалдың ашылғаны туралы қуана хабарлайды. Жаңа филиал қала мен өңір тұрғындарына өмірді, денсаулықты сақтандыру және жинақтаушы бағдарламалар бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Компания клиенттері Шымкент қаласы, Д. Қонаев даңғылы, №59 ғимарат, 206 кеңсе мекенжайы бойынша қызмет ала алады.
Компания Шымкент қаласының барлық тұрғындарын жаңа кеңсеге баруға және сақтандыру бойынша ұсыныстармен танысуға шақырады.