«ӨСК «Евразия» АҚ рейтингі «BBB» деңгейіне дейін көтерілді

11.09.2026

        2026 жылғы 10 қыркүйекте S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ӨСК «Евразия» АҚ-ның ұзақ мерзімді эмитенттің кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылық рейтингін «BBB-»-дан «BBB»-ға дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам — «Тұрақты».

    «ӨСК«Евразия» АҚ-ның жаңа рейтингі Қазақстан Республикасының қолданыстағы тәуелсіз рейтингіне сәйкес келеді және Қазақстандағы өмірді сақтандыру секторы компаниялары арасындағы ең жоғары рейтинг болып табылады.

       S&P Global Ratings қарқынды кеңейіп келе жатқан өмірді сақтандыру сегментінің, атап айтқанда «ӨСК«Евразия» АҚ жасасатын зейнетақы аннуитеттерінің түсім мен таза пайдаға өсіп келе жатқан үлесін атап өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ӨСК«Евразия» АҚ-ның топтың таза пайдасындағы үлесі бір жыл бұрынғы 14%-бен салыстырғанда шамамен 20%-ға дейін өсті.


     «Рейтингтің “BBB” деңгейіне дейін көтерілуі — компаниямыз үшін маңызды нәтиже және таңдалған даму стратегиясының тұрақтылығын растау. Біз бизнесті жүйелі түрде дамытып, өз клиенттік базамызды нығайтып, портфельдің тиімділігін арттырып және өнімдеріміз бен сервистің сапасына инвестиция салуды жалғастырып келеміз. Біз үшін бұл нәтиже — компанияның ағымдағы жағдайының бағасы ғана емес, сонымен қатар одан әрі даму үшін жауапкершілік», — деп атап өтті «ӨСК«Евразия» АҚ Басқарма төрағасы Сакен Шандыбаев.
Рейтингтің «BBB» деңгейіне дейін көтерілуі «ӨСК «Евразия» АҚ-ның Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығындағы ең сенімді қатысушылардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып, компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясының тұрақтылығын растайды.